03 қазан 2016 16:18

Сейітқазы Матаевқа қатысты үкім шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты Сейітқазы Матаевқа қатысты даулы іс бойынша үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты Сейітқазы Матаевқа қатысты даулы іс бойынша үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін судья Ақболат Құрмантаев Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейтқазы Матаев пен оның ұлы - "ҚазТАГ" ақпараттық порталының бас директоры Әсет Матаевқа қатысты үкімін шығарды. 

Үкім алдында сот залына жиналғандар: Матаевтардың достары, әріптестері, туыстары және жақындары оларды қошеметпен қарсы алды. Осыдан кейін залға судья үкімді оқу үшін кірді. 

"Матаев Сейітқазыға алты жылға бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, өмір бойынша ұйымдастыру-үлестіру, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда материалдық жауапты функцияларды атқару істерімен байланысты қызметтерге тағайындалу құқығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны жалпы тәртіптегі колонияда өтесін. Үй қамауы түріндегі бұлтартпау шарасы алып тасталсын. Ол сот залында күзетке алынсын", - деп оқыды үкімді судья Ақболат Құрмантаев.

"Матаев Әсет Сейітқазыұлы айыпты деп танылсын және мүлкін тәркілей отырып, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарға қызметке келуге өмір бойынша құқығынан айырылып, бес жылға бас бостандығынан айырылсын, жазаны жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтесін", - деп оқыды судья.

Сонымен қатар, судья жәбірленуші тарап осы іс бойынша шағымдарды қағаттандырды. "ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің азаматтық шағымы қанағаттандырылсын. Матаев Сейітқазыдан және Матаев Әсеттен ынтымақты тәртіпте ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің пайдасы 169 миллион теңгені мемлекет пайдасына өндірілсін. "Қазақтелекомның" азаматтық шағымы қанағаттандырылсын. Матаев Сейітқазыдан "Қазақтелеком" АҚ пайдасына 143 миллион 960 мың 753 теңге өндірілсін", - деп оқыды судья үкімді. 


Сейітқазы Матаевтың жары


© Тұрар Қазанғапов

Өткен аптада айыптаушы жақ соттан Матаевтарды айыпты деп тануын сұраған. Прокурорлар Сейтқазы Матаевты 6 жыл 8 айға, ал Әсет Матаевты 6 жылға жалпы режимдегі колонияға кесуін сұрады.

Сейітқазы Матаевқа "Алаяқтық" және "Салықтан және (немесе) бюджетке ұйымның өзге міндетті төлемдерінен жалтару" айыбы тағылды. Әсет Матаев та "Алаяқтық" бабы бойынша айыпталды.

Сот барысында айыпталушылар кінәсін мойындамады: "Мен де, ұлым да ештеме ұрлаған жоқпыз, ондайды ойлаған да жоқпыз. Біз кінәлі емеспіз. Менен офшорлар, шетелдік виллалар мен котедждер тауып алыңыздаршы. Мұндай ештеме жоқ. Қалай айып тағып жатырсыздар? Сіздер менің, тіпті менің немерелерімнің есеп шоттарын тексердіңіздер. Бәрібір ештеме табылмады. Тағы да айтам, бірдеме тапсаңыздар бәріне келісем. Олай болмаса, сіздер ұялсаңыздаршы", - деген болатын Сейітқазы Матаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети