03 қазан 2016 | 17:34

Сейітқазы Матаевтан тәркіленетін мүліктің тізімі жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сейітқазы Матаев © Tұрар Қазанғапов Сейітқазы Матаев © Tұрар Қазанғапов

Судья Сейітқазы Матаевтан тәркіленетін мүліктің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Есіл ауданының №2 сотында Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевқа қатысты үкім шығарылды.


Иконка комментария блок соц сети

Судья Сейітқазы Матаевтан тәркіленетін мүліктің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Есіл ауданының №2 сотында Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевқа қатысты үкім шығарылды.

Сот оларды айыпты деп таныды. Сейітқазы Матаев алты жылға бас бостандығынан айырылса, ұлы Әсет Матаев бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпыға ортақ колонияда өтейді.

"Сейітқазы Матаевтың мүлкін мемлекет табысына тәркілеу: Алматыдағы пәтері, Медеу ауданындағы пәтері, "Арман Ville" тұрғын үй кешеніндегі автотұрағы, тұрғын үй кешеніндегі автотұрақ, "Арман Ville" тұрғын үй кешеніндегі үйі, Астана қаласы Есіл ауданы Орынбор көшесі 8-үйде орналасқан ғимараты пен жер учаскесі тәркіленсін. Астанадағы Есіл ауданы Орынбор көшесі 7-пәтердегі ғимараты, Фурманов көшесі 122-үйде орналасқан "Ұлттық баспасөз клубы" әкімшілік ғимараты тәркіленсін", - деді судья.

Сондай-ақ, соттың шешімімен Әсет Матаевтың да мүлкі тәркіленеді. "Мемлекет табысына Әсет Матаевтың: "Арман Ville" тұрғын үй кешеніндегі пәтері, Toyota Camry, Toyota Land Cruiser мен Lexus маркалы көліктері тәркіленсін", - деп оқыды үкімді судья Ақболат Құрмантаев.

Еске салайық, бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №2 сотында Сейітқазы Матаевқа қатысты үкім шығарылды. "Матаев Сейітқазыға алты жылға бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, өмір бойынша ұйымдастыру-үлестіру, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда материалдық жауапты функцияларды атқару істерімен байланысты қызметтерге тағайындалу құқығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны жалпы тәртіптегі колонияда өтесін. Үй қамауы түріндегі бұлтартпау шарасы алып тасталсын. Ол сот залында күзетке алынсын", - деп оқыды үкімді судья Ақболат Құрмантаев. "Матаев Әсет Сейітқазыұлы айыпты деп танылсын және мүлкін тәркілей отырып, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарға қызметке келуге өмір бойынша құқығынан айырылып, бес жылға бас бостандығынан айырылсын, жазаны жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтесін", - деп оқыды судья.

Сейітқазы Матаевқа "Алаяқтық" және "Салықтан және (немесе) бюджетке ұйымның өзге міндетті төлемдерінен жалтару" айыбы тағылды. Әсет Матаев та "Алаяқтық" бабы бойынша айыпталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети