"Іш киімім туралы да сұрамадыңыз ба?". Жаркент әкімінің дөрекі жауаптары Қазнетті таңғалдырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
24.kz видеосының кадры 24.kz видеосының кадры

Жаркент әкімі Болат Омаров 24.kz журналисіне сұхбат берді. Шенеуніктің дөрекі жауаптары Қазнет қолданушыларын таңғалдырды. Сұхбаттың үзіндісі әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жаркент әкімі Болат Омаров 24.kz журналисіне сұхбат берді. Шенеуніктің дөрекі жауаптары Қазнет қолданушыларын таңғалдырды. Сұхбаттың үзіндісі әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болат Омаров жұмысының мақсаты туралы айтты. Оның сөзінше, ол Жаркент гүлденуі үшін жұмыс істеп жатыр. Кейін "Әкім" бағдарламасының тілшісі Асхат Ниязов қала басшысынан жалақысын сұрады. 

"Қолыма 270 мың теңге аламын. Өзіме жетеді. Жаркенттегі орташа жалақы. Осылай шығар. Бізде кәсіпкер көп қой", - деді әкім журналист сұрақтарына. 

Кейін журналист әкім қолындағы сағат туралы сұрап, "жақсы сағат" екенін айтқан, шенеунік бұған дөрекі жауап берді. "Жақсы екенін қайдан білесің? Мә, қара", - деп Болат Омаров сағатын журналиске қарай лақтырды. 

"Арандату үшін қойылған сұрақтар: "Жақсы сағат". Қайдан? Осы жақтан. Іш киімім туралы да сұрамадыңыз ба? Жұмыс бойынша сұрасаңдаршы. Әйтпесе, сағатты, басқаны айтып", - деді Жаркент әкімі Болат Омаров.

Еске салайық, Жаркент әкімінің жүргізушілермен кездесуі Желі қолданушыларын ашуландырған еді. Видео кадрларында шенеунік жүргізушілердің бірімен дауыс көтеріп сөйлеседі. Бір мезетте әкімнің сөзінен кейін жиналғандар одан "неге қорқытып" сөйлеп тұрғанын сұрайды. Сондай-ақ, адамдар шенеуніктің оларға "дөрекі сөйлеп", кездейсоқ біреуді "арандатушы" дегеніне шағымданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro