Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

Іш тазарту емінен соң комаға түскен сәби қайтыс болды

04 Ақпан 2014, 21:42
0
©Kp.ru
©Kp.ru
Павлодарда дәрігерлер асқазанын тазартқаннан кейін комаға түскен екі жасар қыз бала қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Гүлсара Тәмпішеваға сілтеме жасап.

"Қыз бала 6 қаңтар күні шектен тыс кома, реанимациядан кейінгі ауру жағдайында ауруханаға жатқызылды. Жағдайы өте ауыр болды. Барлық шаралар түгел қолданылды, бізге республикалық клиника мамандары көмектесті. Соған қарамастан, нәтиже болмады. Қыз бала есін жимастан қайтыс болды", - дейді Г.Тәмпішева.

Қазіргі уақытта сәбидің мәйітіне гистологиялық сараптама жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесінде баланың не себепті қайтыс болғаны анықталады. "ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мамандары науқастың анасының шағымы бойынша сәбиді емдеген дәрігерлердің әрекетін тексерді. Қазір қорытындысы дайындалып жатыр. Кейін гистологиялық сараптама қорытындысымен бірге біз қандай да бір тұжырым жасай алатын боламыз", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Бұл жайт қадағалаушы органның қатаң бақылауында. Сот-медициналық сараптамасының нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығарылатын болады. Ал қыз баланың анасы Расима Шекенова оқиғаға Железин аудандық ауруханасының педиатр дәрігерін кінәлі деп санайды. Ол сәбиді уланды деп есептеп, асқазан тазарту емін тағайындаған. Бұдан соң сәбидің жағдайы тіпті нашарлап, іші доп тәрізді ісініп кетеді. Денесі жиі құрысып, ақыры комаға түседі. Дәрігерлер сәбидің миында ісік барын анықтайды. Сөйтіп, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылады. Бірақ дәрігерлер оның өліміне араша тұра алмады.

Еске сала кетейік, осындай жағдай 2011 жылы облыстағы "Зеленая роща" шипажайында болған еді. Үш жасар Марк Фролов диарея ауруынан қайтыс болды делінеді. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы сәбидің өліміне дәрігерлердің іш тазарту емін жасау кезіндегі қателігі себеп болғанын анықтады. Дәрігер мен медбикеге қатысты қылмыстық іс қозғалып, баланы емдеуге қатысқан басқа да қызметкерлер жауапкершілікке тартылған болатын.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай