21 қыркүйек 2016 17:48

Шағын және орта кәсіпкерлік жобаларына Еуропа инвестициялық банкінен 200 миллион еуро көлемінде несие тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© friendsofkosovo.com © friendsofkosovo.com

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ және "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту Қоры шағын және орта кәсіпкерлік жобалары үшін Еуропа инвестициялық банкінен 200 миллион еуро көлемінде несие тартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ және "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту Қоры шағын және орта кәсіпкерлік жобалары үшін Еуропа инвестициялық банкінен 200 миллион еуро көлемінде несие тартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, мұндай шешім "Даму" Қоры Директорлар кеңесінің ашық отырысында қабылданды.

"Еуропа инвестициялық банкінің несие желісі "Даму" Қорына акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің кепілдігімен бөлінеді. Шағын және орта кәсіпкерлікке деген қаражат ұлттық валютамен екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Бұл - банктер мен кәсіпкерлердің валюталық тәуекелге бас тікпеуіне қолайлы", - делінген хабарламада. 

Сонымен бірге, ЕИБ қаражаты климат өзгеруінен болатын зардаптарды азайту, электр қуатын үнемдеу, энерготиімділікті арттыру секілді қоршаған ортаны қорғауды мақсат еткен көптеген "жасыл" жобаларға бағытталғаны айтылады.

"Бүгінде біздің ел "жасыл" экономикаға өту үшін белсенді түрде инвестиция тартып жатыр. "Даму" Қоры директорлар кеңесінің 200 миллион еуро бөлу туралы  осы жолғы шешімі шағын және орта кәсіпкерлікте қуат көздерін үнемдеу мен энерготиімділікке бағытталған жаңа жобалар ашылуына түрткі болып, бұл сала мен жалпы экономика үшін стратегиялық инвестициялар тартуға сеп болады. Еуропа инвестициялық банкі экономиканың барлық салаларында экологиялық, экономикалық және техникалық бай тәжірибесі бар, әрі негізгі рейтингтік агенттіктердің барлығынан "ААА" рейтингіне ие болған банк. Алдағы екі айдың ішінде бұл жобалар бойынша кәсіпкерлердің несие алу шарттары дайындалады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер де ШОБ жобаларымен айналысатын қосын құрады. Қаражат нақты жобаларға бірнеше траншпен беріледі", - деді "Даму" Қоры Басқарма төрағасы Қаныш Тлеушин.

Қордың алдын-ала есебі бойынша, осы бағдарлама бойынша берілген несиелер 103,4 миллиард теңгені құрайды. Шамамен, "жасыл" жобасы бар 500 кәсіпкер қаражат ала алады. Олар 1 мың жаңа жұмыс орындарын ашып, 87,5 миллиард теңге салық төлейді деп болжанып отыр.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети