04 қаңтар 2017 14:56

Шахан кентіндегі апат: Үйдің от жағушысы қашып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахан кентінің тұрғындары Үкіметтен және Мәжіліс депутаттарынан қазандық орнатып беруін талап етіп отыр. Олардың айтуынша, билік қажетті қаражат дер кезінде бөлінсе, қайғылы оқиғаның алдын алуға болар еді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.


Шахан кентінің тұрғындары Үкіметтен және Мәжіліс депутаттарынан қазандық орнатып беруін талап етіп отыр. Олардың айтуынша, билік қажетті қаражат дер кезінде бөлінсе, қайғылы оқиғаның алдын алуға болар еді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Шаханда жалпы 19 көпқабатты үйде жылу қазандығы орнатылған. Адамдар тағы да апат бола ма деп қорқып отыр.

Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақовтың айтуынша, орталық қазандық құрылысы жайлы мәселені билік 2013 жылдан бері көтеріп келе жатыр. 2014 жылы жобалау-смета құжаттамасын жасауға қаражат бөлініпті. Оны министрлік бекіткен, алайда 2,8 миллард теңге сомасындағы қаражат бөлінбей қалған.

Әкімнің айтуынша, тұрғындар жылу қазандығын өздері орнатып алған да, оған ешкім бақылау жүргізбеген. Тұрғындар от жағушы адамды да өздері жалдаған, көмірді де өздері сатып алған. 

"Енді біз орталық жылу қазандығының құрылысы мәселесін қайта көтереміз. Министрлікке тағы да сұраныс жазамыз. Бұл үйдің от жағушысы жайлы ештеңе айта алмаймын, сотқа дейінгі тергеу басталды, ол әлі табылмай жатыр. Ол іздеуде жүр. Үйдің сараптамасына қатысты айтар болсақ, мамандардың қорытындысын күтуіміз керек. Алдын ала тексерістен кейін үйдің үш кіреберісі сау екенін айта аламын. Бұл подъездер бүлінбеген. Сондықтан осы үйге бөлек қазандық саламыз, ол үйдің маңындағы контейнерде орнатылады, жертөледе емес. Қаражатты демеушілер шығарады", - деді Аймақов.

Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.

Сондай-ақ, осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети