11 сәуір 2020 12:40

Шахтинск қаласында карантин режимі күшейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында карантиндік шаралар күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала бойынша бес блок-бекет орнатылады.


Қарағанды облысының Шахтинск қаласында карантиндік шаралар күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала бойынша бес блок-бекет орнатылады.

Карантиннің қатаң шарттары Шахтинск қаласында 12 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді. Тұрғындарға жеке автокөлік қолдануға, қалаға кіріп-шығуға тыйым салынады. Сондай-ақ таксиден басқа қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл ретте таксистерде ресми тіркеу және көліктерінде арнаулы белгі мен жеке қорғану құралдары болуы тиіс. Күн сайын таңертең оларды медицина қызметкерлері температураның бар-жоғына мұқият тексереді.

Автомобильдер да дезинфекциялаудан өтеді. Оны сапардан кейін сағат сайын жасау керек. Жолаушыларды тек бір адамнан тасымалдауға рұқсат етіледі. Баласы болса жананда алып жүруге болады. Жолаушыға арналған орын - жүргізушінің жаны.

"Шахтинск қаласында вирус жұқтырғандардың көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда бір жағдайдан асты. Онда барлығы жеті жағдай тіркелген. Сондықтан онда бірыңғай карантиндік аймақ енгізіледі", - деп хабарлады Қарағанды облысының санитарлық дәрігерлері.

Сондай-ақ, аймақта ломбард пен айырбастау пункттерінің қызметі тоқтай тұрады. Волонтерлікке арнайы киім мен ерекшеленетін белгі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети