Шамамен 200 "Алтын белгі" иегері гранттарынан айырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда шамамен 200 "Алтын белгі" иегері гранттарынан айырылып отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда шамамен 200 "Алтын белгі" иегері гранттарынан айырылып отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Талапкерлердің ата-аналарының айтуынша, бір топ талапкер ақысыз оқуға түскендер тізімінде болса да, сертификатын ала алмай жүр. Сондықтан олар10 күннен бері қабылдау комиссиясына барып жүр. Бірақ сертификат даулағандарға жауап беріп жатқан ешкім жоқ. 

"10 тамыз күнгі тізім бойынша Асфендияровта болдық. 14 тамыздағы тізімде Казгуде болдық. Енді не Казгуде, не Асфендияровта жоқпыз", - дейді талапкер Әлия Сәлменова

Телеарнаның мәліметінше, сертификат дауымен жүргендердің барлығы - "Алтын белгі" иегерлері. Бәрі де ҰБТ кезінде өз білімдерін дәлелдеп, 100-ден аса балл алған.

"Бүкіл сертификатты алып келгенбіз. Бүгіннен бастап жұмыс істегенбіз.  Бірақ кейін сертификатты қайта алып қойды. Сертификат береді - біз жұмыс істейміз. Сертификат болмаса - біз жұмыс істей алмаймыз", - деді С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ проректоры Қазбек Төлебаев.

Білім министрлігіндегілер өз кезегінде білім грантын алған талапкерлердің барлығы ЖОО-ларда оқитынын айтты. (Дереккөз: КТК).

Биылғы ілім гранты иегерлерінің толық тізімі 2017жылдың 10 тамызында жарияланған болатын.

Осы жылы жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 37 932 грантқа дейін жеткізілді. Оның ішінде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша - 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша - 300 грант), 2850 орын - жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.57  course up  570.44  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer