29 наурыз 2024 10:07

Шатырлар ұшып, ағаш құлады: Алматыдағы дауыл салдары айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда боран салдарынан бірнеше ғимараттың шатыры жұлынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Алматыда боран салдарынан бірнеше ғимараттың шатыры жұлынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматы әкімдігі қазір қаладағы қолайсыз ауа райының – толассыз жауған жауын мен қатты жел - салдары жойылғанын хабарлады. Бір түнде қалада барлығы 26 ағаш құлады. 29 наурызда таңертең барлық аумақтар тазартылып, құлаған ағаштар кесіліп, жойылған.

Секундына 24 метрге жететін екпінді жел Ақсай-4 шағынауданындағы №132 мектептің шатырын да жұлып әкетті. Мектеп ғимараты 1988 жылы салынып, 2007 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігерлер мереке күндеріне дейін шатыр жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Бостандық ауданында жеке құрылыс және басқару колледжі шатырының сынығы жұлынды. Жабынды ғимарат иелері қалпына келтіреді.

"Барлық арық өткелі тазартылды, су басатын орындарға 344 арнайы техника мен 163 жұмысшы жұмылдырылды. Қауіпті учаскелерде су басудың алдын алу мақсатында 953 қап инертті материал пайдаланылды", - деп жазылған мәліметте.

Әкімдік барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қалыпты жұмыс істеп жатыр, зардап шеккендер жоқ деп сендіреді.

Сондай-ақ, Алматы ТЖД 2024 жылдың 28 наурызында 112-жолға тұрғындардан ағаштардың көліктерге (13 жағдай), ғимараттарға (2) және газ құбырларына (3) құлауы туралы хабарламалар келіп түскені туралы бұған дейін хабарлаған болатын. Жеке тұрғын үйлердің аулаларында және төрт көшенің жекелеген учаскелерінде 38 жергілікті су тасқыны болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети