07 тамыз 2015 18:42

Шекарашы әйелдер жұмыстарынан даулы видеодан кейін шығарылған - адвокат

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Атырауда екі шекарашы әйелдің шағымы бойынша бірінші сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырауда екі шекарашы әйелдің шағымы бойынша бірінші сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отырыс 6 тамызда өтті. Екі шекарашы әйел өздерін жұмыстан заңсыз шығарды деп, сотқа арызданған. Олар ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2201 "г" әскери бөлімінде қызмет еткен. Жауапкердің тарапынан куәгерлерден жауап алынды, олар да әскери қызметтегі адамдар. Жауапкер тарапы жұмыстан шығарудың заңды болғанын мәлімдеді. Себебі олардың айтуынша, әйелдер жұмыста үш сағаттан көп уақыт жұмыста болмапты. Алайда шағымданушылардың адвокаты Аслан Жолболов олардың бұл пікірімен келіспейді.

"Олар жұмыста болды. Үшінші жақты жауапқа тарту туралы, дәлелдердің, қызметтік тергеудің барлық материалдарының қолдан жасалғаны туралы өтініш бердім", - деді Жолболов.

Адвокат пен оның қорғауындағы адамдардың пікірінше, олардың жұмыстан шығып қалуына осы жылдың мамыр айында режим нысанында түсірілген және шілде айында YouTube видеохостингіне жүктелген даулы видео болған.

"Видеоның 5 мамырда, 18.00-де, жұмыс уақытының аяқталғанынан кейін түсірілгені сол видеодан белгілі, азаматтардың жеке өміріне қол сұғушылық та бар, оның кесірінен осындай жауапкершілік артылды. Бұл әскери бөлімнің жауапкершілігіне де кіреді", - деді адвокат.

Келесі сот отырысы 25 тамызға белгіленді.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети