02 ақпан 2022 | 11:37

Шенеуніктер Жаңаөзен мұғалімдерінің наразылығына жауап берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

lada.kz lada.kz

Маңғыстау облысы білім басқармасы қызметкері мектептерді жеке компанияларға беруге қарсы шыққан Жаңаөзен мұғалімдерінің наразылығына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысы білім басқармасы қызметкері мектептерді жеке компанияларға беруге қарсы шыққан Жаңаөзен мұғалімдерінің наразылығына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, сенімгерлік басқаруға беру жекешелендіру болып саналмайды. Мектептер мемлекеттік меншікте қалады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы сенімгерлік басқаруға берген кезде қойылатын негізгі талаптар мынадай:

  • мұғалімдердің біліктілігін арттыру арқылы білім беру сапасын арттыру;
  • күрделі және жеңіл жөндеуді талап ететін ғимараттарға қысқа мерзімде жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • білім беру саласындағы заманауи технологияларды пайдалана отырып, қазіргі талаптарға сәйкес келетін сапалы білім беру процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Серіктестік мектептер қалай жұмыс істейді?

"Жаңаөзен қаласы мектептерінің әлеуетін арттыру мақсатында инвестор ұйым мынадай шаралар ұсынады:

  • мектеп ғимараттарын толық жөндеу мен қайта жаңартуды өз қаражатына жүргізу;
  • заманауи талаптарға сәйкес мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі іс-шараларды (техника, зертхана және т.б.) өз қаражатына іске асыру;
  • мұғалімдердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру бағдарламаларын іске асыру;
  • оқушылардың денсаулығын нығайту, өмірлік дағдыларын қалыптастыру бағдарламаларын іске асыру;
  • мектеп, оқушы және ата-ана арасындағы тиімді қарым-қатынастарды дамыту тетіктері енгізіледі;
  • мектептердегі педагогикалық ұжымды қолдау және жан-жақты жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіледі (мұғалімдер ұжымы қысқартылмайды, мектеп басшылары мен мұғалімдер жұмысын жалғастырады);
  • басқаруға алынған мектептер жекеменшікке өтпейді, ал басқару мерзімі өткеннен кейін қалалық білім бөлімінің балансына қайтарылады", - деді басқарма өкілі.

Басқарма шарты туралы:

"Жобаны іске асыру үшін инвестор облыс әкімдігімен арада мемлекеттік жекеменшік әріптестік шартына қол қояды. Шарт ашық конкурс негізінде (МЖӘ туралы заң шеңберінде) жасалады. Келісімшарт аясында инвестор мектептің әлеуетін және білім сапасын арттыру бойынша ұсыныстар қабылдайды. Ол міндеттемелерді орындау сапасын бағалау көрсеткіштерін бекітеді", - деп толықтырды ведомство өкілі.

Қаржыландыру мәселесі туралы:

"Мектеп басқармасына алған мекеме республикалық қаржы орталығымен шарт жасасып, жан басына қаржыландыру негізінде оқу процесін қамтамасыз ету үшін қажет қаражат алады. Жобаны іске асыруға жұмсалған инвестордың шығындарын мектептерді басқару мерзімі шеңберінде мемлекет өтейді", - деп қорытындылады облыс білім басқармасының қызметкері.

Бұған дейін Жаңаөзенде мұғалімдер мектептерді жекеменшікке беруге наразы екені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети