02 ақпан 2022 09:32

Жаңаөзенде мұғалімдер мектептерді жекеменшікке беруге наразы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото lada.kz сайтынан Фото lada.kz сайтынан

Жаңаөзенде мұғалімдер мектептерді жекеменшікке беруге наразы - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Жаңаөзенде мұғалімдер мектептерді жекеменшікке беруге наразы - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Педагогтардың пікірінше, заңнамадағы жаңа өзгерістер олардың жұмыс орындарына қауіп төндіреді. Сондықтан қаладағы бес оқу орнының мұғалімдері наразылық білдірді. Алайда шенеуніктер ұстаздардың алаңдауына негіз жоқ екенін, себебі бұл туралы түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын, жоба әлі де МЖӘ аясында қарастырылып жатқанын айтты.

Маңғыстау облысының білім басқармасы инвестиция тартылса, мектептердегі білім мен материалдық-техникалық база жақсарады деп сенеді.

"Мәселе қазір талқыланып жатыр. Яғни, алда қандай міндеттер болады, ол қалай жүзеге асатыны туралы әлі шешім қабылданған жоқ. Алда білімді жетілдіру және материалдық-техникалық базаны жақсарту мақсаты тұр. Кейбір мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осының барлығы келісімшарт жасау барысында талқыланады", - деді басқарма басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети