25 мамыр 2016 | 15:40

Шенеуніктер жеке тұрғын үй құрылысына тегін 10 сотық жер беру нормасын түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Максим Рожин © Максим Рожин

Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің өкілдері жеке тұрғын үй құрылысына тегін 10 сотық жерді берудің нормаларын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Комитеттің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың айтуынша, жеке тұрғын үй құрылысына 10 сотық жер инфрақұрылым жүргізілгенде ғана беріледі екен.


Иконка комментария блок соц сети

Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің өкілдері жеке тұрғын үй құрылысына тегін 10 сотық жерді берудің нормаларын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Комитеттің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың айтуынша, жеке тұрғын үй құрылысына 10 сотық жер инфрақұрылым жүргізілгенде ғана беріледі екен.

Жер учаскелерін жеке меншікке жеке тұрғын үй құрылысына тегін беру жұмыстарының жер учаскелерінің игерілген кезінде ғана берілетіні айтылады. Жер болса инфрақұрылым жүргізілген жағдайда, яғни су және электр жүйелері жүргізілгенде ғана беріледі екен. Ал орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі жоқ елді мекендерде электр жүйесі жүргізілуі керек.

Комитеттегілердің айтуынша, жер учаскелерін жеке меншікке беру облыстық, республикалық мәні бар қалаларда, астанада, аудандарда және облыстық мәні бар қалаларда жергілікті атқарушы органдардың құзырына кіреді. 

Егер елді мекендерде сәйкес инфрақұрылыммен қамтылған алаңдарды дайындауға мүмкіндік болмаса, азаматтардың өтініші арнайы есепке алынып, жер учаскелері дайын болған кезде немесе жеке тұрғын үй құрылысына қолданылатын бос территориялар болғанда қанағаттандырылып отырады.

"Барлық елді мекенде дайын алаңдарды қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмағандықтан, бүгінде жеке тұрғын үй құрылысына 10 сотық жер алу туралы өтініштер, жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, қанағаттандырылмайды", - деп хабарлады Мархабат Жайымбетов.

Мәселен, Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, Астанада жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру жұмысы дайын алаңдар болмағандықтан 2007 жылдан бері жүргізілмеді, жер учаскелерін таяу уақытта беру жоспарда да жоқ екен. 

Өз кезегінде Алматы қаласының әкімдігіндегілер Алматы қаласының Бас жоспарына сәйкес 2020 жылға дейін қала шегінде жеке тұрғын үй құрылысына жер беру қарастырылмағанын айтты. 

Жер қатынастары жөніндегі құзыретті органдардың мәліметінше, бүгінге дейін 391 990 жер учаскесі бөлініпті.  

Еске салайық, осыған дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері қазақстандықтарға жеке тұрғын үй құрылысына тегін 10 сотық жерді беру тәртібін түсірген болатын. Қазіргі уақытта тегін жер алу кезегінде 1 миллион 129 мың қазақстандық тұр екен. Министрліктегілер Қазақстан азаматтарының 10 сотық жерді тегін алуға құқы бар екенін еске салды. Алайда жергілікті атқарушы органдар коммуникация жүргізілген жағдайда ғана береді екен. 

Елімізде бұл норма қабылданғалы бері жеке тұрғын үй құрылысы жерлерін алуға 1 547 141 өтініш түсіпті. 2005 жылдан бастап қазақстандықтарға 417 949 жер учаскесі берілді: ОҚО - 81 190, Ақмола облысы - 40 147, Алматы облысы - 59 169, Маңғыстау облысы - 43 276. Астана мен Алматыда 10 жыл ішінде халыққа 1447 және 26 444 жер учаскесі беріліпті. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети