25 қазан 2014 | 11:48

Шенеуніктер отандық сапалы киімдерді киюге уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

sholazhizni.ru sholazhizni.ru

 Инвестициялық даму министрі Әсет Исекешев сапасы жағынан сын көтерсе отандық киім-кешектерді киюге қазақстандық кәсіпкерге уәде берді, -деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Бұл туралы тігін фабрикасының директоры Айбек Бектұрғанов хабарлады.
Кәсіпкер Үкіметтің жеңіл өнеркәсіпке қолдау көрсетуге уәде еткенін алға тартып отыр. Бектұрғановтың айтуынша, Әсет Исекешев отандық киім-кешек тігетін фабрикада болған. 

Иконка комментария блок соц сети

"Министр бізге субсидия тартуда, шетелдік білікті мамандармен тәжірибе алмасуда қолдау көрсететінін айтты. Ол егер біздің аяқ-киімдеріміздің сапасы жоғары болса, Үкіметтегі шенеуніктердің оны тұтынатынын айтты" дейді кәсіпкер.
Сондай-ақ ол тілшілермен жеңіл өнеркәсіптің қиындықтары жөнінде де ой бөлісті.
"Бізде мамандардың жетіспеушілігі баршылық. Біздің кәсіпорында мамандарды екі айлық оқыту курстары бар. Төрт мамандық бойынша білім береміз. Олар етікші, тігінші, механик, киім пішуші. Жақсы мамандарды өзіміздің кәсіпорынға жұмысқа қалдырамыз" дейді Бектұрғанов.

Бұған қоса кәсіпкер жеңіл өнеркәсіп саласында шикізаттың да жетіспейтінін айтты.
Жалпы, төрт жылдың ішінде жеңіл өнеркәсіп саласында 2,5 мың жұмыс орны қамтылған. Осы уақыт аралығында 14 жаңа кәсіпорын іске қосылған. 2010 жылдан бастап 2014 жылдың екінші жартысына дейін 3,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Жеңіл өнеркәсіп саласын жетілдіруге қатысты жобаға сай шикізат көлемін жыл сайын 5-тен 50 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған. Сондай-ақ тері-жүн өндірісін де жыл сайын 15 мың тоннаға ұлғайту көзделіп отыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети