13 сәуір 2022 16:50

Шенеуніктер Семейдегі студенттер наразылығына қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Семейдегі студенттердің наразылық акциясына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Семейдегі студенттердің наразылық акциясына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейде жоғары геодезия және картография колледжінің студенттері наразылыққа шықты. Студенттер Жоғары геодезия және картография колледжі мен Геологиялық барлау колледжінің қосылуына қарсы. Сондай-ақ, бұл наразылық Жоғары геодезия және картография колледжінің бас ғимаратын жаңадан құрылған Абай ауданындағы басқармалардың біріне беріледі деген ақпарат шыққаннан кейін ұйымдастырылған.

Видео желіде тез таралып, қолданушылардың наразылығын тудырды.

Алайда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Жоғары геодезия және картография колледжі мен геологиялық барлау колледжін біріктіру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", - деді білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Сондай-ақ ол колледж ғимаратын мемлекеттік департаментке беру мәселесіне алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтты.

"Енді мемлекеттік органдарды колледж ғимараттарына орналастыру туралы мәселе жоқ. Керісінше, аймақ басшысы Даниал Ахметов колледждердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, мамандықтарды кеңейту және сұранысқа ие кадрларды даярлау бойынша талдау жүргізуді тапсырды. Семей қаласы колледждерінің барлық студенттері әдеттегідей оқуын жалғастырып, оқыған мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы диплом алады", – деп атап өтті Сайрангүл Жұмаділова.

Айта кету керек, бүгінде Семейдегі екі колледж де өз салаларында көш бастап тұр, олардың кадр даярлауда көпжылдық тәжірибесі бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети