1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Шетелдегі қазақтарға арналған ақпарат орталығы коронавирусқа байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшті

Азаматтардың денсаулығын сақтау және Қазақстанда коронавирустың таралуымен күрес жүргізу мақсатында "Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" ұйымның жұмысын уақытша қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұруға ықтиярхатты қалай алуға болады? Тұруға ықтиярхатсыз келудің салдары қандай? Азаматтықты қалай алуға болады? Оралман куәлігі қанша уақытқа жарамды? Бейімдеу орталықтары қандай көмек көрсетеді? Аймақтық квота алу үшін қайда бару керек? ҚР-да құжатсыз жүрудің салдары қандай? Оралман куәлігі азаматтық алғаннан кейін жарамды ма? Тұруға ықтиярхатты қалай ұзартуға болады? Тұруға ықтиярхат басқа қалаға ауысқанда ұзартыла ма? тағы басқа да көші-қонға байланысты сұрақтарға консультацияларды төменде көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.

Қазіргі таңда шетелдегі қандастармен онлайн түрде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы жұмыс істеп жатыр. Этникалық қазақтардан көші-қон мәселелеріне байланысты сұрақтар көптеп келіп түсуде.

Бұдан бөлек, шетелдегі қандастардың оқуға түсу сияқты мәселелерді ақпараттандыратын болады. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ресми сайтынан, әлеуметтік желілерде Facebook және Instagram, сондай-ақ Қауымдастықтың баспасөз-хатшысы Сырымбек Төлеуұлының парақшасынан табуға болады.

Қандастарға "Қауымдастық" пен "Отандастар Қорының" call-орталығына 14 04 хабарласуды сұраймыз. Сонымен қатар, мекенжайлары мен электронды пошталарын нақтылауға болады.

Еске салайық, ҚР Президентінің Жарлығымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыз 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуір 07 сағат 00 минут аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Сондай-ақ, Қазақстан азаматтарына 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуға тыйым салынды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Доллар қымбаттап жатыр