08 шілде 2020 15:05

Шетелдіктер Қазақстаннан шыға алмай жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram.com/kris_p_kz Фото: Instagram.com/kris_p_kz

Өзбекстан мен Тәжікстанның 3 мың азаматы еліне қайта алмай отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Өзбекстан мен Тәжікстанның 3 мың азаматы еліне қайта алмай отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазіргі таңда шетел азаматтары өңірдегі "Жібек жолы" кеден бекетінің маңында орналасыпты. Әлеуметтік желіде аталған кеден бекетінде түсірілген фотолар тарап жатыр.

Желідегі жазба авторының айтуынша, шекараның жабық болуына байланысты өзбекстандықтар еліне қайта алмай отыр.

"Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасы, адамдар 5 күн бойы ыстықта далада жатыр. Мұнда тазалық сақталмаған. Олар Отанына қайта алмай отыр. Далада ұйықтайды, айнала толған қоқыс. Адам төзгісіз жағдайға байланысты адамдар қоршауды бұзып жатыр. Бірін-бірі және заттарды таптап кетуге де дайын. Жаппай төбелес болып жатыр. Ерекше мақсаттағы полиция жасағы (ОМОН) барлығын автоматпен қоршап тұр", - делінген Instagram-дағы жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Граница Казахстана и Узбекистана (район Червак), по 5 дней люди на жаре и антисанитарии не могут покинуть страну. Спят прямо на земле, кругом мусор. От нестерпимых условий люди просто крушат заборы, топчут друг друга и вещи, происходят массовые драки, ОМОН из оцепления уже стоят с автоматами. Границу открывают на непродолжительное время, всего несколько часов в сутки и люди как озверевшие пытаются прорваться. Еду и воду покупают в магазинчике неподалеку за тройную цену, туалеты тоже платные. О социальной дистанции и речи быть не может. Это наше будущее?

Публикация от @kris_p_kz +21 | ??Kz (@kris_p_kz)

Сондай-ақ, желіде шекараның белгілі бір уақытта ғана ашылатыны жазылған. 

"Шекара тәулігіне бірнеше сағатқа ғана ашылады. Ашынған адамдар шекараны бұзып өтпекші болады. Олар тамақ пен суды жақын маңдағы дүкендерден сатып алып жатыр. Оның бағасы 3 есе қымбат. Дәретханалар да ақылы. Ешкім арақашықтықты сақтап жатқан жоқ", - делінген желідегі жазбада.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов шекарада 3 мың шетелдік азамат еліне қайта алмай отырғанын атап өтті. Олардың арасында Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары бар. Оның айтуынша, Өзбекстан тарапы шекараны жауып тастаған.

"Сыртқы істер министрлігі және елшіліктің көмегімен азаматтарды шекарадан өткізуге көмектестік. Осыдан бірнеше күн бұрын 200-300 адамды өткіздік. Көбіне әйелдер мен балаларды өткізуге тырысып жатырмыз. Себебі, олар далада жатыр. Біз оларды тұрғын үймен қамтамасыз ете алмаймыз", - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, ол Сарыағаш аудандық әкімдігінің көмегімен шекарадағы азаматтарға күніне бір рет тамақ беріліп жатқанын атап өтті.

"Еріктілер, демеушілер көмектісіп жатыр. Осы жағдайға бей-жай қарай алмаған азаматтар су әкеліп жатыр. 20 қазақстандық полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, кезекшілігін атқарып жүр. Әзірше, жағдайды бақылауда ұстап отырмыз", - деді Сәкен Қалқаманов.

Оның айтуынша, облыс әкімдігінің шекарадағы азаматтарды коронавирусқа тексеруге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан полиция ондағы азаматтар тарап кетпеуі үшін аумақты бақылауға алыпты.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети