30 мамыр 2024 15:38

Ішкі істер органдарының қызметкерлері жүйелі жемқорлық үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ішкі істер органдарының қызметкерлері жүйелі жемқорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер органдарының қызметкерлері жүйелі жемқорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өскемен қаласында

Осы айда бірқатар ішкі істер органдарының басшылары сотталды. Өскемен қаласының соты қалалық басқарманың әкімшілік полиция бөлімінің бастығы А. А. Тернопольскийге және басқа адамдарға қатысты пара алу фактілері бойынша үкім шығарды.

Ол жүйелі негізде мамандандырылған тұрақтардан автокөлік құралдарын заңсыз бергені үшін 20-дан 50 мың теңгеге дейінгі сомада пара алған. Сот үкімімен оған "полиция подполковнигі" арнайы атағынан айыра отыра айыппұл салынды.

Сонымен қатар, осы үкіммен парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін Өскемен қаласының ПБ патрульдік полиция батальоны взводының командирі Р. А. Байтанбалиев және ШҚО ПД ӘПБ инспекторы М.Б. Ербаков, сондай-ақ көмек көрсеткені үшін – №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Д.Т. Биекенов сотталды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 22 млн теңгеден асты.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Астана қаласында

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен Есіл ауданы ПБ анықтау бөлімінің бастығы Е. Жұманов 5 жылға шартты түрде сотталды.

Ол ауыр қылмыс жасаған айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатқаны және дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкімдер заңды күшіне енді.

Ақтөбе облысында

Ақтөбе облысының аудандық сотымен облыстық полиция департаменті Мәртөк аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары А. М. Ерғалиев 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Ол мемлекетке 243 млн теңгеден астам сомаға залал келтіруге әкеп соққан заттай дәлелдемелерді (612 мыңнан астам қорап темекі) жеке меншікке заңсыз беру жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Ақтау қаласында

Ақтау қалалық соты облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ш. Қалмұрзаевты 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға соттады, ол ел аумағында болған кезде жалпы қамқорлығы үшін шетелдіктен 3 млн теңге көлемінде пара алған.

Барлық сотталған адамдар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 467.21   490.7   5.37 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети