21 сәуір 2020 15:33

ШҚО-да белгісіз аурудан мал қырылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

ШҚО-да ірі қара малдар белгісіз аурудан қырылып жатыр, - деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.


ШҚО-да ірі қара малдар белгісіз аурудан қырылып жатыр, - деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Көктал ауылында белгісіз індеттен ірі қара қырылып жатыр.

Ал мамандар сиырдың неден өліп жатқанын білмейді. Ауыл тұрғындары болса, елді мекенді карантинге жауып, толықтай залалсыздандыру керек екенін айтып отыр. Бірақ жұқпалы ауруды анықтамайынша, ешқандай шара қолдана алмайтынын айтты дейді олар.

Қазір Көктал ауылында өлген сиырдың саны 100-ден асып кеткен екен. Тұрғындар жергілікті биліктен шығынды өтеп беруді талап етіп отыр.

Бірақ індеттің себебі анықталмайынша, өтемақы беріле ме, жоқ па ол жағы белгісіз. Зертхана нәтижелері осы айдың соңында ғана белгілі болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети