03 қыркүйек 2020 15:08

ШҚО-да билеп жүрген "прокурордың" видеосы тексеріліп жатыр

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

Шығыс Қазақстан облысында "прокурордың" видеосы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында "прокурордың" видеосы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Telegram-дағы Kozachkov offside каналында видео тараған. Онда би алаңында адамдардың билеп жүргенін көруге болады. Желідегі жазба авторының айтуынша, видеода Өскемен қаласының прокуроры да бар. 

Видеода ер адамның билеп, өзін видеоға түсіргенін көруге болады. Кейін ол жанындағы билеп тұрған қызды көрсетеді.

"Өскемендік прокурорлар мықты, жақсы жұмыс істеп, жақсы демалады. Бірақ бір сұрақ бар! Бұл видео карантин уақытында түсірілген бе?", - дейді желідегі жазбаның авторы.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі бұл видео туралы білетінін айтты.

"Қазіргі таңда бұл фактілерді тексеріп жатырмыз", - дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети