25 тамыз 2023 | 13:35

ШҚО-да екі тұрғын қарияны скотчпен байлап, тонап кеткен

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: polisia.kz Сурет: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында зейнеткердің аяғын скотчпен байлап, дене жарақаттарын салып, тонап кеткен күдіктілер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында зейнеткердің аяғын скотчпен байлап, дене жарақаттарын салып, тонап кеткен күдіктілер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері ауыр қылмыстың бетін ашты. Полиция бөліміне қаланың 73 жастағы зейнеткер тұрғыны екі белгісіз адам оның үйіне кіріп, аяғын скотчпен байлап, оған дене жарақаттарын келтіріп 70 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлағаны туралы хабарлаған.

Сурет: Polisia.kz

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен. Тәртіп сақшылары күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 1960 және 1981 жылы туған жергілікті тұрғындар болып шықты, екеуі де бұрын ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қаскүнемдер кінәсін мойындап, қылмыс алдын ала сөз байласу арқылы жасалғанын айтты. Сондай-ақ жәбірленуші егде жаста болғандықтан оларға қарсы тұра алмайтынына сенімді болған, сөйтіп бағалы тұрмыстық техниканы үйден шығару үшін қылмыс орнына қайта оралуды жоспарлаған. Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі (Тонау) бойынша соталды тергеу басталды. Бұл қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer