31 қаңтар 2017 11:35

ШҚО-да Instagram желісінде жылдам көлігімен мақтанған прокуратура қызметкері жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында әлеуметтік желілерде жылдам көлігімен мақтанған қызметкерге қатысты қызметтік тергеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында әлеуметтік желілерде жылдам көлігімен мақтанған қызметкерге қатысты қызметтік тергеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 26 қаңтарда бұқаралық ақпараттық құралдарда көлік жылдамдығын асырған прокуратура қызметкері жайлы хабарланған болатын. 

"Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Тайымбетовтың бұйрығымен қызметтік тексеріс жүргізілді. Ведомство қызметкері жариялаған видеоның 2015 жылы түсірілгені анықталды. Ол бұл видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеп, біраз уақыттан кейін өшіріп тастаған. Бірақ белгісіз біреулер жарияланған роликті көшіріп алып, қоғамда шу шығару үшін 2017 жылдың басында әлеуметтік желілерге қайта тарата бастаған. Нәтижесінде ШҚО прокуратура қызметкерінің ісі зерттеліп, оның Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстегі нормаларды бұзғаны (жылдамдықты асыру) және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен мекемелері қызметкерлерінің ар-намыс кодексін бұзғаны анықталды. Осыған байланысты қызметкер жазаланды: оған қызметтік сәйкестігі жоқтығы жайлы ескертіліп, аудандық прокуратурадағы қызметке ауыстырылды", - деді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін прокуратура қызметкерінің Instagram желісінде жылдамдықты асырып келе жатқаны түсірілген видеосы Автомобилистерге жәрдемдесу (ОСА) қоғамының сайтында жарияланған болатын. Айта кетейік, видеода жүргізушінің тасжолда сағатына 220 шақырыммен келе жатқаны көрінеді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети