ШҚО-да жер қақ айырылды: Ұзындығы екі шақырым шұңқыр пайда болды

15 Сәуір 2018, 18:06
0
ШҚО-да жер қақ айырылды: Ұзындығы екі шақырым шұңқыр пайда болды - © Altaynews.kz
© Altaynews.kz

ШҚО Қатонқарағай ауданы Солоновка ауылындағы Қараөзек учаскесінде қар суының еруі салдарынан далалық жолда геологиялық жарыққа ұқсас терең шұңқыр пайда болды, деп жазады altaynews.kz.

Басылымның мәліметтері бойынша, шұңқырдың ұзындығы шамамен екі шақырым, көп бөлігінің тереңдігі 5-6 метрге дейін жетеді, ал ені 4-5 метр. "Осыдан бір ай бұрын ғана бұл жерде жол болды дегенге сену қиын. Ол жолмен ауыл шаруашылық машиналары мен тракторлар, автокөліктер және жегін көліктері жүретін. Бұл жол "Жас қанат" шаруа қожалығының мал шаруашылық қыстауларын байланыстырып тұрған күре жол болатын", - делінген жарияланымда.

Басылымның мәліметінше, екі бульдозер шұңқырды астынан бастап күреп жатыр. Жол екі айда қалыпқа келтіріледі. 

© Altaynews.kz

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай