24 қараша 2023 09:48

ШҚО-да құны 690 миллион теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ШҚО-да жыл басынан бері прокуратура актілері бойынша мемлекетке 690 миллион теңге сомасына жер учаскелері қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


ШҚО-да жыл басынан бері прокуратура актілері бойынша мемлекетке 690 миллион теңге сомасына жер учаскелері қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері ШҚО прокуратура органдары мемлекет меншігіне құны 690 миллион теңге болатын 40 мың гектар 119 жер учаскесін, оның ішінде жалпы ауданы 430 миллион теңгеден асатын 37 мың гектар пайдаланылмаған 101 жайылым учаскесін қайтарған.

"Аймақтың ауыл шаруашылық және мал шаруашылығы ерекшеліктерін ескеріп, жер заңнамасының сақталуын қадағалау аумақтық прокуратуралардың тұрақты бақылауында.

Атап айтқанда, Самар ауданының прокуратурасы ШҚО кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп жер заңнамасы нормаларының сақталуына талдау жүргізген. Жергілікті атқарушы орган осы жылы жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша 16 конкурс өткізбегені анықталды", - делінген хабарламада.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша көрсетілген заңбұзушылықтар үшін әкімдіктің жер қатынастары бөлімінің басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 137-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Самар аудандық сотының 2023 жылғы 27 қазандағы қаулысымен оған 1,1 миллион теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды (қаулы заңды күшіне енген жоқ).

"Азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында прокуратураның араласуынан кейін осы жылдың 31 қазанында аудан әкімдігі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарлама жолдады.

Глубокое ауданы прокуратурасының тексеруімен аудан аумағында 42 мың гектар жайылым мақсатымен пайдаланылмайтыны анықталды. Нәтижесінде, Глубокое ауданы әкімінің атына қадағалау актісі енгізілді, бүгінгі күні мемлекетке жалпы ауданы 600 гектар және құны 4,8 миллион теңге болатын 10 жер учаскесі қайтарылды".

Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети