26 қаңтар 2022 15:23

ШҚО-да мұз астына түсіп кеткен жылқылар құтқарылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/shygysqaz_tjd Фото:instagram.com/shygysqaz_tjd

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында мұз астына түскен 15 жылқы құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында мұз астына түскен 15 жылқы құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

26 қаңтарда Ақтөбе ауылындағы шаруа қожалығы қызметкерлері құтқарушыларға жүгінген. Олар Ертіс өзені маңында жылқылар жайылып жүргені, 15-і мұз астына түсіп, өз бетінше шыға алмағаны туралы хабарлаған.

"Жылқылар әдеттегідей мұз үстіне шығып, жұқа болғасын, жағаға жете алмай қалды", - деді ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының жетекшісі Игорь Лапенлавский.

Жылқылар алғашында көмекке келген құтқарушылардан қорыққаны айтылды. Бірақ құтқарушылар оларды шөппен алдап, құтқару арқандарының көмегімен қауіпсіз жерге шығарған.

 "Бұл жұмыс бірнеше сағатқа созылды. Соңғы минуттарда жылқылар құтқарушыларға сеніп, жұмыс сәтті аяқталды", - деді құтқарушылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети