ШҚО-да төбелеске қатысқан шенеунік жұмыстан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да төбелеске қатысқан шенеунік жұмыстан босатылды

Екі рет басы дауға қалған Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Мирас Жұмағұлов қызметтен босатылды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне сілтеме жасап.

"ШҚО бойынша МҚІА департаментінің ұсынысынан кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Мирас Жұмағұловты қызметінен босату туралы шешім жасады. Тиісті өкім 2021 жылы 13 сәуірде шықты", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2020 жылдың желтоқсанында Жұмағұлов мейрамханада төбелеске қатысқан. Бұл тамақтану орындарында іс-шара өткізуге қатаң тыйым салынған кез болатын.

Ал екінші оқиға 30 наурызда болды. Ол уақытта басқарма басшысының Өскемен қаласы әкімдігінің қызметкерімен жанжалдасуына байланысты тұрғындардың бірі полиция шақырған еді.

Осыған байланысты 9 сәуірде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері облыс әкіміне шенеунікті жұмыстан шығару туралы ұсынысты қарауға жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети