1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

ШҚО-да тыл еңбеккері аурухананы концлагермен салыстырды 31 наурыз 2021, 14:38

Шығыс Қазақстан облысында тұратын тыл еңбеккері қалалық ауруханадағы қарым-қатынасты концлагермен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: instagram.com/riddervsegda Фото: instagram.com/riddervsegda

Шығыс Қазақстан облысында тұратын тыл еңбеккері қалалық ауруханадағы қарым-қатынасты концлагермен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желідегі жергілікті топтардың бірінде оқырман шекесінде үлкен ісігі бар зейнеткердің суретін жарияланды. Әйел Риддердегі қалалық ауруханада емделіп жатқан анасына, тыл еңбеккеріне күтім жасалмағанына, медбикелердің қарым-қатынасына шағымданды.

"Бүгін анамды ауруханадан алып шықтық, сұмдық! 22 наурызда түнде ол сүйрегішінен құлап, түні бойы суық еденде жатқан, мұны екі жұмысшы көре тұра шай ішіп отыра берген. Таңертең бір ер адам көтерген, кейін медбикелер келіп қол-аяғын қолы ауырып, аяғы тартылғанша байлаған, маңдайында үлкен ісік бар, тамақ бермеген, күтім нөл. Анам, тыл еңбеккері бұл аурухана емес, концлагерь екенін айтты, кімге шағымдануға болады?", - деп жазды әйел.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Риддер вчера, сегодня, завтра! (@riddervsegda)

Жазба авторымен әлі байланыса алмадық, бірақ ШҚО денсаулық сақтау басқармасы бұл деректі жоққа шығармады.

"Қызметтік тексеру үшін комиссия құрылды. Бүгін отырыс болады. Хабарлама авторы шақырылды", - делінген "Риддер қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК ресми хатында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



UFC рекорды жаңарды