20 қазан 2020 17:55

ШҚО-дағы күдіктінің өлімі: 3 адам азаптау бойынша іске тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

ШҚО-дағы полиция бөліміндегі күдіктінің өліміне қатысты іс бойынша ішкі істер органдарының үш қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ШҚО-дағы полиция бөліміндегі күдіктінің өліміне қатысты іс бойынша ішкі істер органдарының үш қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев бұл факт бойынша жедел-тергеу тобы құрған. Қазіргі таңда ол Мақаншы ауылында екен.

Процессуалды прокурорларымен бірге 33 жастағы ер адамның полиция бөліміндегі өліміне қатысты тергеу жүргізіледі.

"Барлық жағдай мұқият тексеріледі. Қажетті сараптамалар, оның ішінде патологоанатомиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижесі әлі дайын емес. Кінәлілер заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады", - делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өзіндік қауіпсіздік басқармасы ішкі қызметтік тергеу жүргізген.

"Тәртіптік комиссияның шешімімен күдікті деп танылған үш адам ішкі істер органдарынан шығарылды. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы ("Азаптау") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Үржар аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен Мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені, "Құқық қорғау қызметі туралы" заң талаптарын сақтамағаны, сондай-ақ қызметтегі бағыныштылардың қызметі мен мінез-құлқын бақыламағаны үшін Үржар аудандық полиция бөлімінің екі басшысы ішкі істер органдарынан шығарылды", - делінген хабарламада.

Облыстық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын, тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев пен Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов марқұмның отбасына көңіл айтқан.

Айта кетейік, осыған дейін ШҚО-да күдікті полиция бөлімінде қайтыс болғаны хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети