Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

ШҚО кәмелетке толмағандар орталығындағы дау: тексеріс нәтижесі жарияланды 31 мамыр 2023, 14:53

Өскеменде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы қауесеттерді тексеру қорытындысы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Өскеменде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы қауесеттерді тексеру қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева мекемедегі зорлық-зомбылық туралы ақпаратқа қатысты жоспарланған тергеу шараларының барлығы аяқталғанын айтты.

"Бүгінгі күні мынадай тергеу шаралары жүргізілді: куәгерлерден жауап алынды, барлық құжат тексерілді. Құқық қорғау органдары мәліметінше, деректер расталған жоқ", - деді Инесса Чернышева.

Еске салайық, орталықта балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасалды деген қауесет наурызда шыққан болатын. Жағдайды анықтау үшін Балалар омбудсмені Аксана Қаленованың төрағалығымен жұмыс тобы құрылды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram