14 маусым 2023 16:35

ШҚО полиция қызметкері тәртіпке бағынбаған жолаушыға арнайы құрал қолданған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында қарсылық танытқан жолаушыға арнайы құралды пайдаланған полиция қызметкерінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында қарсылық танытқан жолаушыға арнайы құралды пайдаланған полиция қызметкерінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 4 маусымда сағат 19:28 шамасында Риддер қаласында патрульдік полиция взводының қызметкерлері Mazda 626 автокөлігін тоқтатқан, оның жүргізушісі жол таңбасының үздіксіз жолағын кесіп өтіп, басып озу маневрін жасау арқылы жол жүру ережесін бұзған.

Аталған көлік құралын тоқтатқан кезде салоннан мас күйде болған жолаушы шыққан. Ер адам қарсылық көрсетіп, әдепсіз сөз сөйлеп, қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне қарсы келіп, мойынсұнбаған, тәртіп сақшыларының заңды талаптарды сақтап, қоғамдық тәртіпті бұзбай және автокөлігіне отыруды сұраған ескертулерін елемеген, содан кейін азаматтың одан әрі заңсыз әрекеттерін тоқтату үшін полиция қызметкерлері арнайы құрал қолданған.

"Бұл дерек бойынша жолаушыға қатысты құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан бөлек, автокөлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Риддер қаласының прокуратурасына ұсынылған портативті бейне тіркегіштегі материалдар зерделеніп, олардың нәтижелері бойынша полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер анықталмады. Қазіргі уақытта заңды тұлғаның талабына бағынбаған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабы (Билік өкілін қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети