24 тамыз 2022 11:38

ШҚО прокуратурасы Artsport бағдарламасына қатысты заңбұзушылықтарды анықтады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

ШҚО прокуратурасы Artsport бағдарламасына қатысты заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ШҚО прокуратурасы Artsport бағдарламасына қатысты заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, мамыр айынан бері облыс бюджетінен балалардың тегін дәріс алуына 1,4 миллиард теңге бөлінген. 

"Бүгінгі таңда 133 жеткізуші 12 154 балаға арналған 57 секция мен үйірме ашты", - делінген хабарламада.

Басқарма сабаққа қатыспаған балалардың оқу ақысын төлеуде, сабақ өткізбеген жаттықтырушыларға қосарлы ақы төлеуде заңбұзушылықтарды анықтады.

"Сегіз миллион теңгеге жуық заңсыз шығынды анықтадық. Қазір процессуалдық шешім қабылданып жатыр. Ұйымдастырушылардың бұзушылығына прокуратураның бастамасымен жүргізілген тексеруден кейін жарияланған балалардың саны да дәлел бола алады" - деп хабарлады ШҚО прокуратура өкілі.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы сабақ өткізуге арналған үй-жайлар санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келмейтінін айтты.

"136 үй-жайдың жетпіс бірі санитарлық нормаға сай емес. Сабақ жабдықталмаған залдарда, пәтерлерде, жертөлелерде, тіпті дүкендер мен жеке тұрғын үйлерде өтіп жатқаны белгілі болды. Бұл 12 мыңнан аса баланың денсаулығына қауіп төндіреді", - деді ведомство басшысы. Бұл туралы Шығыс Қазақстан прокуратурасы хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети