25 қаңтар 2022 09:12

ШҚО тұрғындары жабайы табиғаттағы маралды видеоға түсіріп алды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддер маңындағы Бутаково ауылының тұрғындары жабайы табиғаттағы маралды видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасай отырып.


Риддер маңындағы Бутаково ауылының тұрғындары жабайы табиғаттағы маралды видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Әдетте адамдардан алыс жүретін жануар шөп жеу үшін ауылға жақын маңға келген.

Аймақта қыс қарлы болды, аяз байқалды, жабайы жануарларға қорек іздеу қиындай түсті.

Видео авторлары марал аман екенін, өз мекеніне кеткенін айтты. Бірақ ауыл иттері қатты үрген.

Павлодарлықтар тағы бір көріністі түсіріп алған. Олар бүркіттің қоянды алғанының куәсі болды. Қоян жыртқыш құстан ұзақ уақыт қашып, айлаға барып, қарға шеңбер салған. Бірақ бүркіт ақыры қоянды алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети