07 шілде 2021 10:27

Шілдеде еліміздің 4 өңірінде қуаңшылық болады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©pixabay.com ©pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері шілдеде қай өңірлерде қуаңшылық болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК синоптиктері шілдеде қай өңірлерде қуаңшылық болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Статистикалық болжамға сәйкес, шілдеде Ақтөбе облысының (Нұра, Ырғыз), Қостанай (Қарамеңді, Амангелді), Атырау (Құлсары) және Маңғыстау облысының (Аққұдық) жекелеген аймқатрында төтенше қуаңшылық жағдайы болады деп күтіледі.

Қатты қуаңшылық – Ақмола (Есіл, Жақсы, Атбасар), Ақтөбе (Новороссийское, Қарабұтақ, Басқұдық, Нұра, Ырғыз), Қостанай (Пресногорьковка, Аршалы, Тобыл, Аралкөл, Торғай), Солтүстік Қазақстан (Тайынша) және Маңғыстау облысында (Сам).

Қуаңшылықтың орташа деңгейі – Ақмола облысында (Балкашино), Ақтөбе (Комсомольское, Темір), Қостанай (Михайловка, Қарасу, Жітіқара, Құсмұрын, Диевская, Железнодорожный), Солтүстік Қазақстан (Явленка, Сергеевка және Рузаевка), Шығыс Қазақстан (Лениногорск), Жамбыл (Қордай), Алматы (4 ауылында), Қызылорда (Қазалы) және Атырау облысында (Атырау).

Маусымның соңғы онкүндігінде жауын-шашын болуы мүмкіндігіне байланысты, орташа ылғал жағдайлары Батыс Қазақстан облысында (Жалпақтал, Жәнібек, Орда), Шығыс Қазақстан облысында (Бақты) және Маңғыстау облысында (Бейнеу) болады деп болжанған. Қалған аумақтарда ылғал қалыпты жағдайға жақын болады деп күтіледі.

Сондай-ақ, шілдеде еліміздің солтүстік-шығыс жартысында жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градусқа жоғары, еліміздің солтүстік жартысында норма шамасында болады деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети