14 шілде 2020 15:55

Шілдедегі 42 500 теңге: өтінішті қалай және қашан беру керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шілде айына берілетін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмектің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шілде айына берілетін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмектің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"42 500 теңге ТЖ кезіндегі ереже бойынша беріледі. Яғни, табысынан айырылған азаматтар, оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға. 

Бұл жолы көмек бір айға қарастырылған. Оператор - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Алдыңғы жолы қаражат шектеулі екенін хабарлағанбыз. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп бір аптаның ішінде қаржылық мәселені шешуі тиіс. 

Жұма өтініш тастауға арналған барлық портал жұмысын бастап, дүйсенбіден әлеуметтік көмекті төлеуді жоспарлап отырмыз", - деді министр ОҚК брифингінде. 

Оның айтуынша, 17 шілдеден бастап әлеуметтік төлемге өтініш қабылдана бастайды.  

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж жандарға шілде айында да 42 500 теңге төленетінін айтқан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети