22 қыркүйек 2020 08:24

Шонжы аулында салынып жатқан спорт кешені құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Фото: nege.kz сайтынан  Фото: nege.kz сайтынан

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы аулында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nege.kz порталына сілтеме жасап.


Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы аулында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nege.kz порталына сілтеме жасап.

Ғимарат 2019 жылы салынып бастаған және 2020 жылдың соңында аяқталуы тиіс болған. Басылымның мәліметінше, құрылыс үшін 1,171 миллиард теңге бөлінген.

Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нұрахунов ғимарат неге құлағанына жауап бере алмады. Енді арнайы комиссия келіп, тергеу жүргізетінін атап өтті. 

"Ертең мамандар келеді, экспертиза жасайды. Түсте бір темірі түсіп кетіпті. Оның өзінде толық түспеген, бір жерінің шатыры ғана түсіп кеткен. Қазір анау-мынау деп айта алмаймыз", - деді Нұрахунов.


Фото: nege.kz сайтынан

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети