Астана-Алматы пойызын басқарған машинист ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Астана-Алматы пойызын басқарған машинист ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, сол аумақта жұмыс кезекшілік еткен теміржол қызметкерлерінен де жауап алынып жатыр.
Сондай-ақ, "Қазақстан темір жолы" АҚ өкілдері төтенше жағдайдан зардап шеккендердің таяуда өтемақы алатынын айтады.
Осыған дейін пойыз апатынан қаза болған жасөспірім мен зардап шеккендердің тізімі жарияланған болатын.
Сонымен қатар, мұның алдында ҚР ИДМ баспасөз қызметі Шу станциясы маңында пойыздың рельстен шығу себептерін тексеретін комиссия құрылғанын хабарлаған еді.
"17 маусымда 13.25-те Сарышаған-Шу учаскесінде Астана-Алматы бағытындағы #9/10 пойызының жолаушылар отыратын 8 вагоны рельстен шығып кетті. Төтенше оқиға машинист теміржолдың қисайғанын көріп, көлікті шұғыл тежегенінен кейін болды. Оқиғаны тексеру үшін ҚР ИДМ Көлік комитеті жанынан арнайы комиссия құрылды", - деп хабарлаған болатын ҚР ИДМ өкілдері.
Еске салайық,17 маусымда сағат шамамен 14.00-де Жамбыл облысындағы Отар мен Шу станцияларының арасында төтенше жағдай болған еді. Мұның алдында үш вагонның рельстен шығып кеткені хабарланған болатын.