17 маусым 2018 15:45

Шу маңындағы төтенше жағдайдан бір адам қаза тапты және тағы үшеуі зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов Жамбыл облысындағы Шу станциясының маңында болған төтенше жағдайдан бір адамның қаза тапқанын растады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов Жамбыл облысындағы Шу станциясының маңында болған төтенше жағдайдан бір адамның қаза тапқанын растады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір адамның қаза тапқанын және үш адамның зардап шеккені расталып отыр", - деп хабарлады ведомство өкілі.

"Нақтыланған мәлімет бойынша 8 вагон рельстен шығып кеткен, оның үшеуі аударылған", - деп хабарлады Иманқұлов. Оның айтуынша, жолаушылар осы бағыттағы пойыздармен Шу станциясына жеткізіліп жатыр.

Куәгерлер оқиға орнынан суреттер мен видеолар жолдап жатыр.

 

Еске салайық, бүгін, 17 маусымда сағат шамамен 14.00-де Жамбыл облысындағы Отар мен Шу станцияларының арасында төтенше жағдай болған еді. Мұның алдында үш вагонның рельстен шығып кеткені хабарланған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, бірақ олар туралы мәлімет әзірше жоқ.

 

Куәгерлер жолдаған суреттер

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети