Швейцарияның сот-медициналық сараптамасы Рахат Әлиевтің зорлықпен өлтірілуінің дәлелін таппады

15 Маусым 2015, 12:23
0
Швейцарияның сот-медициналық сараптамасы Рахат Әлиевтің зорлықпен өлтірілуінің дәлелін таппады - Рахат Әлиев. © Facebook
Рахат Әлиев. © Facebook

Швейцарияның сот-медициналық сараптамасы Рахат Әлиевтің зорлықпен өлтірілуінің дәлелін таппады , - деп хабарлайды "РИА Новости".

"Зорлау және улау әрекеттеріне қатысты дәлел жоқ", - деп келтірді Вена прокурорының баспасөз хатшысы Нина Буссектің мәлімдемесін Kleine Zeitung басылымы. Басылымның мәліметінше, сот-медициналық сараптамасының қорытындысы Әлиев өз-өзіне қол салды деген бастапқы тұжырымды растады.

Бұған дейін осыған ұқсас тұжырымға Вена коронері Даниэл Риссер келген болатын, ол мәйітке тиісті зерттеулерді бірден жүргізді. Алайда Риссер бүгінге дейін нақты жазбаша жауап жазған жоқ, ол тек мәйіттің ашылғаны туралы алдын ала есеп берді.

Еске сала кетейік, Рахат Әлиев Венадағы Йозефштадт түрмесінде қайтыс болды. Ол 23 ақпанда түнде асылып қалған күйі табылды. Кейін Австрияның әділет министрлігі бұрынғы елшінің өз-өзіне қол жұмсағанын ресми түрде растады. Құқық қорғау органдары Рахат Әлиевті өткен жылдың 5 маусымы күні Венада ұстаған еді. ҚР Бас прокуратурасы оны ұстауға "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Темірәлиев пен Хасеновті ұрлау мен өлтіруге қатысты тергеу материалдары негіз болғанын хабарлады. Қазақстанда бұрынғы елшіге 40 жылға бас бостандығынан айыру сырттай жазасы кесілген болатын. 

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай