27 қаңтар 2015 10:18

Шығыс Қазақстан мектептерінде тағы да сабақ тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Марат Әбілов ©Марат Әбілов

Шығыс Қазақстанда қатты аязға байланысты мектептер мен орта арнаулы оқу орындарында тағы да сабақ тоқтатылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстанда қатты аязға байланысты мектептер мен орта арнаулы оқу орындарында тағы да сабақ тоқтатылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, 29 градус аязға байланысты Риддер қаласында 1-11-сынып және колледж-лицейлердің 1-2-курс оқушылары үшін 1-2-ауысымдардағы сабақтар тоқтатылды. Өскеменде 37 градус аяз, Көкпекті ауданында 40 градус, Шемонаиха ауданында 36 градус, Зырянда 39 градус, Аягөзде 34 градус, Жарма ауданында 34 градус, Бесқарағай ауданында 31, Тарбағатай ауданында 31 градус, Үржар ауданында 35 градус аяз болуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж-лицейлердің 1-2-курс оқушылары үшін екі ауысым бойынша да сабақтар кейінге қалды. Семей мен Курчатов қалаларында 35-36 градус аязға байланысты тек бірінші ауысымда оқитын оқушылар үшін сабақтар өтпейтін болды. 

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 27 қаңтар күні өңірде ауа температурасы күндіз 24-29 градус, түнде 35-40 градус аязға дейін төмен болады. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. 

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында 26 қаңтар күні де мектеп және колледж оқушылары үшін сабақтар болмаған еді. Ауа температурасының 29 градустан 41 градусқа дейін төмендеуі себепті Семей, Риддер, Өскемен, Курчатов қалалары мен Аягөз, Шемонаиха, Бородулиха, Жарма, Қатонқарағай, Үлкен Нарын аудандарында 1-11 сынып оқушылары, сонымен қатар колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақтар өтпеді. Павлодарда 26 қаңтарда ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендеді. Осыған байланысты бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылды. 26 қаңтарда Астанада да аязға байланысты мектептерде және колледждердің төменгі курстарында сабақтар болмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети