14 маусым 2023 13:37

Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікті ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікті ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Глубоковксий ауданының тұрғындары қылмыс болғандығы туралы дабыл қаққан. Тұрғындардың айтуынша, күдікті кішкентай қызды күндіз қорлап, кейін Глубоковский ауданы Кожохово ауылының маңына жасырынбақ болған. Тұрғындар әлеуметтік желіде ақпарат тарата бастады. Сол сәттен бастап елді мекендердің кіре берісіне полиция патрульдері қойылды.

Ер адам қамауға алынып. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот медициналық сараптамалар тағайындады", - деді ШҚО полиция департамент қызметкерлері.

Сондай-ақ ПД өкілдері Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети