13 ақпан 2015 14:16

Шығыс Қазақстанда 160-қа жуық елді мекенде тасқын қаупі бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тengrinews.kz мұрағатынан Фото Тengrinews.kz мұрағатынан

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы даярлық күшейтілді, - бұл туралы жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы даярлық күшейтілді, - бұл туралы жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, бүгінде облыстың 8 аймағында қар ылғалының көтерілгені байқалған. Гидрометеорологиялық ахуалды есепке алғанда күн күрт жылынған жағдайда облыстағы 80 мың адам тұратын 157 елді мекенде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Аймақта су тасқынына қарсы 4 шақырымдық бөгет салынып, бұрыннан бар бөгеттердің 1,2 шақырымы нығайтылды. Адамдар мен техникалар толық даярлықта. 

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында облыс әкімі Даниал Ахметовтың қаулысымен "2015 жылдың көктем мезгіліне арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары" бекітілген. "Жоспар бойынша, облыстық атқарушы билік тарапынан тасқын жүру қаупі кезеңіне арнайы 5 топ құру туралы шешім қабылданды. Топтартың барлығы тұрақты даярлықта. Автокөлікті техникалар мен суда жүзу, сүңгу, құтқару жабдықтарының бәрі ретке келтірілді және кез келген тапсырманы орындауға даяр, – деді департамент өкілдері.

ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Евгений Шатурный табиғи қауіп жағдайында 844 адамнан тұратын жеке құрам, 149 арнайы техника, 22 жүзу жабдығы, 9 мотопомпа даярланғанын хабарлады. "Қанша болжам жасағанымызбен, табиғат ойда жоқта тосын мінез танытуы мүмкін. 2010 жылы Тарбағатай ауданында су тасқыны кезінде жүздеген үй шайылып кетті. Біз сол қиындықтармен күресе жүріп, үлкен тәжірибе жинадық. Өздеріңіз білетіндей, Шығыс Қазақстан - көктем кезінде су тасқыны болуы мүмкін қауіпті аймақ. Сондықтан, бәріне дайын болуымыз керек", - деді Шатурный. Сонымен қатар, оның айтуынша, төтенше жағдай туындаған аймақтардан адамдарды дер кезінде құтқару үшін 7 тікұшақ әзірленіп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети