Қардың толассыз жаууына байланысты Шығыс Қазақстан облысында шектеу қойылған көлік жолдарының қатары көбейді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қардың толассыз жаууына байланысты Шығыс Қазақстан облысында шектеу қойылған көлік жолдарының қатары көбейді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 қаңтар күні сағат 07.00-де ауа райы жағдайларының нашарлауына (қардың толассыз жаууы) байланысты Күршім ауданындағы Қызылту өткелінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.
Ал бұған дейін 21 қаңтар күні сағат 14.50-де Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы автожолдарының 105-123-шақырымдарындағы және 55-102-шақырымдарындағы учаскелері боран мен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін жабылған болатын. Сондай-ақ 21 қаңтар күні сағат 16.00-де Өскемен - Риддер - РФ шекарасы тас жолының 15-105-шақырымдарындағы учаскесі жүк көліктері үшін жабылды. Ал 21 қаңтар күні сағат 19.20-да Өскемен - Зырян - Рахман бұлағы тас жолының 6-66-шақырымдарында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша тыйым салынды.
Қазіргі мезгілде Алматы облысында Үшарал - Достық тас жолының 184-шақырымға дейінгі учаскесі де автокөліктің барлық түрі үшін жабық тұр.
Еске сала кетейік, 20 қаңтар күні боранға байланысты төрт облыста көлік жолдары жабылған болатын. Екатеринбург - Алматы, Жезқазған - Петропавл, Қызылорда - Павлодар автожолдарының жекелеген учаскелерінде қозғалысқа тыйым салынды.