Төрт облыста боранға байланысты көлік жолдары жабылды

21 Қаңтар 2015, 10:37
0
Төрт облыста боранға байланысты көлік жолдары жабылды - ©РИА Новости
©РИА Новости

Боранға байланысты Қазақстанның төрт облысында көлік жолдарына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Қазақстанның бірқатар облысында ауа райы жағдайларының нашарлауына (боран, қар, көріну мүмкіндігінің нашарлауы) байланысты автокөлік қозғалысына қойылған шектеулер сақталады", - делінген хабарламада. 

Ақмола облысында 20 қаңтар күні сағат 16.00-де Екатеринбург - Алматы автожолының Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан Жақсы елді мекеніне дейінгі учаскесінде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына енгізілген шектеу сақталады. Алматы облысында Үшарал - Достық автожолында автокөліктің барлық түріне қойылған шектеу әлі алып тасталған жоқ.

Қарағанды облысында Жезқазған - Петропавл автожолының Ұлытау елді мекенінен Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаскесі көліктің барлық түрі үшін кешегі 19.30-дан бері жабық. Екатеринбург - Алматы тас жолының Қарағандыдан Ақсу-Аюлыға дейінгі учаскесі мен Қызылорда - Павлодар автожолының Қарағандыдан Павлодар облысы шекарасына дейінгі учаскесінде де көлік қозғалысына шектеу қойылды. 

Павлодар облысында 20 қаңтар күні сағат 07.00-де Қызылорда - Павлодар автожолының Қарағанды облысы шекарасынан Шідерті елді мекеніне дейінгі учаскесі жабылды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай