1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Шығыс Қазақстанда жабылған жолдардың қатары көбейді 22 қаңтар 2015, 10:13

Ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты Қызылту өткелінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қардың толассыз жаууына байланысты Шығыс Қазақстан облысында шектеу қойылған көлік жолдарының қатары көбейді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

22 қаңтар күні сағат 07.00-де ауа райы жағдайларының нашарлауына (қардың толассыз жаууы) байланысты Күршім ауданындағы Қызылту өткелінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. 

Ал бұған дейін 21 қаңтар күні сағат 14.50-де Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы автожолдарының 105-123-шақырымдарындағы және 55-102-шақырымдарындағы учаскелері боран мен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін жабылған болатын. Сондай-ақ 21 қаңтар күні сағат 16.00-де Өскемен - Риддер - РФ шекарасы тас жолының 15-105-шақырымдарындағы учаскесі жүк көліктері үшін жабылды. Ал 21 қаңтар күні сағат 19.20-да Өскемен - Зырян - Рахман бұлағы тас жолының 6-66-шақырымдарында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша тыйым салынды. 

Қазіргі мезгілде Алматы облысында Үшарал - Достық тас жолының 184-шақырымға дейінгі учаскесі де автокөліктің барлық түрі үшін жабық тұр. 

Еске сала кетейік, 20 қаңтар күні боранға байланысты төрт облыста көлік жолдары жабылған болатын. Екатеринбург - Алматы, Жезқазған - Петропавл, Қызылорда - Павлодар автожолдарының жекелеген учаскелерінде қозғалысқа тыйым салынды. 



Join Telegram