Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Шығыс Қазақстанда өрт пен ыс тию салдарынан өлім-жітім екі есеге көбейді

27 Наурыз 2015, 15:43
0
©ШҚО ТЖД
©ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысында өрт пен ыс тиюдің салдарынан өлім-жітім екі есеге көбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың Ақпараттық орталығына сілтеме жасап. 

Ақпараттық орталықтың мәліметінше, бұл аймақта 2015 жылдың 3 айында 301 өрт жағдайы тіркеліп, салдарынан 34 адам дүниеден өткен, оның 11-і ыс тиіп қаза тапқан.

ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бас маманы Азамат Қапышевтің айтуынша, өрт және ыс тиюдің 80 пайызы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан туындайды.

"Қазіргі уақытта әр үйдегі электр құрылғылардың көптігінен электр желілеріне түсетін қысым мөлшеріне байланысты өрт шығу қаупі көбейді. Жылдың басынан бері 301 өрт және ыс тию жағдайының 231-і тұрғын үйлерде тіркеліп, қауіп кезінде 48 адам құтқарылды. Жыл басынан бері туындаған 301 өрт жағдайының 208-і қалаларда, 93-і аудан-ауылдарда тіркелді. Қауіптің алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша насихаттау жұмыстарын барлық БАҚ арқылы жүзеге асыру күшейтіледі", - деді Қапышев.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай