Шығыс Қазақстан облысында шенеунікке жасалған шабуылдың мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында шенеунікке жасалған шабуылдың мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Чикеновтің қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлердің айтуынша, ол 10 күннен кейін ауруханадан шығуы мүмкін.
№2 қалалық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Еркін Дүйсейкиннің айтуынша, Елдос Чикенов ауруханаға орташа ауыр халде жеткізілді. "Миы шайқалып, басы мен көкірек қуысында көптеген жарақаттар ғана болып қоймай, оның жамбасы екі рет тілінген. Жараланған жерлері тігіліп, таңылып, тиісті емдер тағайындалды. Қазір оның жағдайы сәл оңалды, бірақ басының ауырғаны басылған жоқ. Болжам жаман емес. Менің ойымша, ол шамамен 10 күн ауруханада болады", - деді Еркін Дүйсейкин.
Елдос Чикеновтің айтуынша, шабуыл жасалған сәт оның есінде жақсы сақталған. 34 жастағы шенеунік спортқа жақсы машықтанған, боксшы, сондықтан ол қарсыласуға тырысыпты. Сөздеріне қарағанда, соққы өте қатты болған, кастетпен ұрғанға ұқсайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Чикеновтің пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын. Оған операция жасалды және дәрігерлер оның өміріне қауіптің жоқ екенін хабарлады. Алайда ШҚО ІІД мамандары шенеунікке жасалған шабуылға қатысты комментарийді әлі берген жоқ.