Шығыс Қазақстан облысының 9 кәсіпорны ЕХРО-2017 құрылысына қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл кәсіпорындар көрме кешенінің құрлысына өз өнімдерін жеткізуге келісті, олардың қатарында: сым, цемент, тас мақталар, полиэтилен құбырлары бар.
Шығыс Қазақстан облысының 9 кәсіпорны ЕХРО-2017 құрылысына қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл кәсіпорындар көрме кешенінің құрлысына өз өнімдерін жеткізуге келісті, олардың қатарында: сым, цемент, тас мақталар, полиэтилен құбырлары бар.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл кәсіпорындарды "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының бас мердігерлері таңдап алды. ЕХРО нысандарын салу кезінде тауарлары қолданылатын өндірушілердің тізіміне мына компаниялар кірді: "Қазақсым" ЖШС (сым-тарту өнімдері), "Кемонт" ЖШС (жоғары және төмен вольтті электр жабдықтары), "Восток-Универсал" ЖШС (минералды тақталар), "Өскемен полиэтилен құбырлары зауыты" ЖШС, "Қазақцемент" ЖШС, "Полиус" ЖШС (полиэтилен қабықшалар), "Корунд LTD" ЖШС (өрттен сақтау заттары), "Үлбі-фтор кешені" ЖШС (гипс) және "Эгрей" ЖШС (керамзит).
Бұл тізім бүгін, 17 наурызда Өскемен қаласында ұйымдастырылған кездесу кезінде жарияланды. Бас қосуға облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков пен "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Алмас Жаманбеков қатысты.
"Осындай әріптестік елдегі ірі де маңызды жобаны жүзеге асыруда шағын және орта бизнесті тартуға мүмкіндік беріп, ЕХРО қалашығын салу барысында қазақстандық өнімдерді қолдану үрдісін қамтып, аймақтардың дамуына үлес қосады", - деді Жаманбеков.
Айта кетейік, аймақтардағы өндірушілермен кездесулер 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бас мердігерлері Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласындағы өндірушілермен меморандумдарға қол қойды. Осы келісімдер аясында ЕХРО нысандары құрлысында жалпы сомасы 56 миллиард теңгеге тең 85 отандық өндірушінің өнімін қолдану туралы келісім бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың EXPO-2017 нысандарын отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуді тапсырғаны хабарланған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының алдына үлкен міндет қойылғанын, оны бүкіл жұртшылық бақылап отырғанын айтты.