Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев: EXPO-2017 нысандарын отандық құрылыс материалдарымен қамту керек

03 Қазан 2014, 14:20
0
©akorda.kz
©akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 нысандарын отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының алдына үлкен міндет қойылғанын, оны бүкіл жұртшылық бақылап отырғанын айтты. "Дайындық шаралары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс. Көрме кешенін салу арқылы Астананың келбеті де өзгереді, ел экономикасы оң серпін алады. Құрылысқа қажетті материалдар шығарумен айналысатын шағын және орта бизнес субьектілерін жұмыспен қамтыған жөн. Тағы бір маңызды мәселе – көрме нысандарын көрме өткеннен кейін пайдалану, олар көрмеден кейін де пайдаланыста болуы керек", - деді Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевпен кездескен кезде.

Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Бекітілген жоспарға сәйкес, EXPO-2017 барлық 38 нысанын пайдалануға беру 2016 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр. Көрменің халықаралық қатысушылары өз экспозицияларын дайындау жұмыстарын 2017 жылдың қаңтарында бастайды. 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін созылатын EXPO-2017 көрмесіне 100-ден аса ел, оннан кем емес халықаралық ұйым, инновациялық технологиялардың 10 шақты көшбасшы компаниясы қатысады деп жоспарланып отыр. Көрмені 2 миллионнан астам адам келіп көреді, соның шамамен 85 пайызы қазақстандықтар болмақ.

Талғат Ермегияев өз кезегінде көрме нысандарының құрылысы құрылыс-монтаж жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес жүріп жатқанын айтты. "Жыл аяғына дейін облыс әкімдіктерімен бірқатар меморандум жасау жоспарланып отыр. Онда құрылысқа қажетті материалдар пысықталады. Бүгіннің өзінде құрылыс материалдары жергілікті компаниялардан сатып алынуда", - деді Ермегияев. 

Ол сондай-ақ компания қаржыландырудың балама көздерін тарту тетіктерін әзірлегенін айтты. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма басшысының ақпаратына қарағанда, қонақ үйлер, тұрғын үйлер мен өзге де нысандарды қоса қамтығанда, тікелей шетелдік инвестициялардың болжамды көлемі 800 миллион доллар болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай