"Шылымды үйінде шексін". Министрлік денсаулық туралы кодекске енгізу ұсынылған түзетуді түсіндірді

24 Қаңтар, 09:09
0
"Шылымды үйінде шексін". Министрлік денсаулық туралы кодекске енгізу ұсынылған түзетуді түсіндірді - © unsplash.com
© unsplash.com

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төраға орынбасары Нұрқан Сәдуақасов қоғамдық орындарда шылым шегуге неліктен тыйым салу көзделіп отырғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Таңертең жұмысқа бара жатамын, алдымда шылым шегіп біреу кетіп бара жатады, ал мен бала жетектеп келемін. Бұл қалыпты жағдай ма? Алдымда темекі шегіп бара жатқан адам неге менің конституциялық құқығымды таптауы керек? Адам қоғамға шыққанда ортақ ережелерді сақтауы тиіс. Шылымды үйінде шексін, әжетханасында шексін, бірақ қоғамдық орынға шыққанда ол шекпеуі тиіс. Саябақта шылым шегуі дұрыс па? Ол жаққа біз балаларымызбен барамыз, ал ол шегіп тұрады. Бұл біздің өскелең ұрпақты түтіннен қорғайтын бағыттардың бірі", - деп пікір білдірді Сәдуақасов "Атамекен" ҰКП қоғамдық тыңдауында.

Бұл жиында "ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" кодексінің жаңа жобасы талқыланған. Жаңа редакциясында қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салу ұсынылған. 

Заңгер Сергей Уткиннің айтуынша, жеке иеліктегі жерден өзгесі қоғамдық орын болып саналады, осылайша кодекстің бұл редакциясы қабылданған жағдайда барлық жерде тыйым салынады.

"Мұнда әзірше талқылап жатырмыз. Мұнда дәл сол көшеде деп отырғанымыз жоқ, адамдар көп жиналатын орын айтылып отыр. Өз атымнан айтып отырмын. Салмақтап талқылап отырмыз, адам көп жиналатын орын деп отырмыз. Мәселен аулаңызда екі-үш адам жиналса, бұл адам көп жиналған орын саналады", - деп түсіндірді Сәдуақасов.

Мұның алдында Аурулардың профилактикасы және мониторингі басқармасының басшысы Гүлнара Құсбекова "қоғамдық орын" деген түсінік кодексте нақтыланатынына сендірген болатын. "Блогтарда шылымды көшелерде шегуге тыйым салу туралы айтылып отыр. Мәселе осы жайлы болып отыр. Нақтыланады", - деген еді Құсбекова 2018 жылдың қыркүйегінде. Алайда кодекс жобасына нақтылау туралы түзету әлі енгізілмеген.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай