1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Шымбұлақ" маңында екі рет қар көшкіні жүрді14 сәуір 2017, 11:22

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

14 сәуірде таңғысын "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында екі рет қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ "Казселқорғау" ББ-ның Алматы қалалық пайдалану басқарма жетекшісі Ринат Әміржановқа сілтеме жасап. 

Бірінші қар көшкіні Шымбұлақ - Тұйықсу қақпасы тасжолының маңында сағат 08:30 шамасында жүрді. Көлемі 25 мың текше метр. Бес жарық бағанасы бүлінді. Осы себепті жақын маңдағы д2мханада жарық жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Екінші рет 09:30 шамасында "Шымбұлақтан" жоғары орналасқан "Мыңжылқы" бөгеті маңында жүрді. Оның көлемі - 2500 текше метр. 

Қазіргі кезде жолды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмысқа алты адам және екі техника жұмылдырылды. Медеуден жоғары қарай және Үлкен Алматы көліне қарай баратын жол жабық. Онда 1 метр 90 сантиметр биіктікте қар жатыр. 

Алматыда қар көшкіні жүру қаупі 17 сәуірге дейін сақталады. Тауға шығуға тыйым салынған.